MIS MUN Халықаралық Конференциясы (Біріккен Ұлттар Ұйымының моделі)

MIS MUN 2024

Мирастағы ең жақсы оқиғалар

Бүгін Мирас мектебінде үлкен іс-шара болып жатыр, мен де, осы іс-шараға аз ғана үлес қосудамын.

Ең алдымен Тілеген екеуміз кітапханаға бардық, сол жерде төсбелгілер мен папкалар тапсырылды дайындық үстінде  Тілеген екуміз жақсы достасып кеттік,  содан кейін сұхбаттасуға бардық.

Біз  келген қонақтарға бірнеше сұрақтарымызды кезектесіп қойдық барлығы бірдей жауап берді: «Иә, бәрі тамаша!».  Мысалы, осы конференцияға қатысудан күткен үміттіңіз қандай?  Деген  сұрақты қоюда қатты қобалжыдым,  қатты уайымдадым, бірақ Тілеген «уайымдама, маған қара, мен де  сабырлымын, сен де сабырлы бол!» -деп  сабырмен маған қолдау жасады. Соңында, конференцияға келген 14 мектептің барлығынан жиналған 140 делегаттардың ішінен 3 мектептің 12 делегетынан сұхбат алдық.

Міне,  сіздер үшін осы мақалам қызықты  болатынан сенімдімін және ертеңгі күнгі қызықты жаңалықтармен бөлісуге дайынмын.

Шын жүрекпен,

тілшіңіз Дария Данияркызы

 

Адам құқығы комитетінде

Бүгін Мирас мектебінде БҰҰ моделінің конференциясы болуда. Бірнеше ел мен мектептерден қонақтар мен делегаттар келді. Мен адам құқықтары комитетінде болдым.

Осы комитет делегаттары қазақ тілінде сөйлесті. Біріншіден, қатысушыларды тіркеуден өткізіп, тізім бойынша тексерді. Бұл комитет мүшелері  АҚШ, Норвегия, Үндістан, Франция, Мексика, Аргентина  мемлекеттерінің атынан қатысты. Делегаттардың талқылауында  екі тақырып  ұсынылды. Біріншісі, ол- терроризм. Әр елдің делегаттары алдымен мәселені сипаттап, осы мәселенің шешу жолдарын ұсынды. Екіншісі, әскери сарбаздары мен полиция қызметкерлерінің шеру кезіндегі наразылық білдірушілерді тарату іс-шарасы  кезінде азматтық- құқық жауапкершілікке тән  тәртіпсіздіктер туралы талқылаулар жасалды. Пікірталалас кейін әр мемлекеттің делегаттары бір-біріне шешім-хат жазған. Осы шешім- хатта қай мемлекеттің резолюциясы ұнағандығы туралы  шешімдерімен бөлісті. Жұмыс соңында, топ  мүшелері бірігіп, қорытынды  шешім шығарды. Маған пікірталас барысын бақылауда Адамның құндылықтар туралы комитетте қатты ұнады.

 

 

 

.

 

БАЙЛАНЫС АҚПАРАТЫ

Қазақстан, Алматы қ., әл Фараби даңғылы,190 | Тел.: +7 (727) 227 69 42, +7 (727) 242 16 65 | E-mail: secretary@miras.kz

face.pnginst.png

АККРЕДИТАЦИЯ: