MIS MUN Халықаралық Конференциясы (Біріккен Ұлттар Ұйымының моделі)

Бас Ассамблея

Бас Ассамблея дегеніміз не?

Бас Ассамблея Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас кеңесші, директивалық және өкілді органы. Ассамблея Жарғыда айтылған халықаралық мәселелердің барлық спектрін көпжақты талқылауға арналған форум.

Бас Ассамблеяның функциялары мен өкілеттіктері

Біріккен Ұлттар Ұйымының Жарғысына сәйкес БҰҰ Бас Ассамблеясының төмендегідей қызметтері мен өкілеттіліктері бар:

  • халықаралық бейбітшілік пен қауіпсіздікті қолдау және қарусыздану мәселесінде ынтымақтастықтың жалпы қағидаттарын қарастырып тиімді ұсыныстар ұсыну;
  • халықаралық бейбітшілік пен қауіпсіздікті сақтауға қатысты мәселелерді талқылау.  Қауіпсіздік Кеңесінің қарауынан тыс даулы мәселелерге қатысты ұсыныстар ұсыну;
  • ереже бойынша Біріккен Ұлттар Ұйымындағы бөлімдердің қызметіне қатысты мәселелерді талқылау,  ұсыныс жасау;
  • халықаралық саяси ынтымақтастыққа жәрдемдесу, халықаралық құқықты дамыту, адам құқықтары мен бостандықтарын жүзеге асыру, экономикалық салаларда, әлеуметтік және гуманитарлық бағыттағы мәдениет, білім беру, денсаулық сақтау салаларында халықаралық ынтымақтастыққа үлес қосу және зерттеу жүргізу;
  • ұлттар арасындағы достық қарым-қатынасты бұзуға себеп болатын  жағдайларды бейбіт жолмен шешудің амалдарын қарастыру;
  • Қауіпсіздік Кеңесінің және БҰҰ-ның басқа органдарының баяндамаларын қарап шығу;
  • Біріккен Ұлттар ұйымының бюджетін бекіту және ұйымға мүше мемлекеттердің жарна мөлшерін белгілеу;
  • Қауіпсіздік Кеңесіндегі тұрақты емес мемлекеттердің және БҰҰ-ның басқа да бөлімдерінің мүшелерін сайлау, Қауіпсіздік Кеңесінің ұсынысы бойынша Бас хатшыны тағайындау.

Бас Ассамблеяның "Бейбітшілік мүддесіндегі бірлік" қарарына сәйкес

1950 жылғы 3 қарашада (377 (V) қарар, Қауіпсіздік Кеңесі бейбітшілікке қатер төндіретін, бейбітшілікті бұзатын немесе агрессия актісін жасауға негіз бар деп санацтын  себептер болған жағдайда тұрақты мүшелердің біріне қарсы дауыс беру салдарынан әрекет ете алмайтын жағдайда да Ассамблея шаралар қабылдай алады. Ассамблея халықаралық бейбітшілік пен қауіпсіздікті сақтау немесе қалпына келтіру үшін ұжымдық шараларға қатысты Ұйым мүшелеріне қажетті ұсынымдар жасау мақсатында бұл мәселені дереу қарастыра алады (төменде арнайы сессиялар мен төтенше арнайы сессияларды қараңыз).

Ассамблея өз құзыретіне кіретін халықаралық мәселелер бойынша мемлекеттерге тек міндетті емес сипаттағы ұсыныстар беруге құқылы болса да,  бүкіл әлемдегі миллиондаған адамдардың өміріне әсер еткен саяси, экономикалық, әлеуметтік және құқықтық сипаттағы шараларға бастамашылық етті.

2000 жылы қабылданған мыңжылдықтың Тарихи декларациясына мүше мемлекеттердің бейбітшілікті, қауіпсіздікті және қарусыздануды қамтамасыз ету; кедейлікті жою, баршамызға ортақ қоршаған ортаны қорғау, Африкадағы мемлекеттерінің қажеттіліктерін қанағаттандыру және Біріккен Ұлттар Ұйымын нығайту мақсатында декларацияда көрсетілген нақты мақсаттарға жетуге деген ұмтылысын көрсетеді.

Консенсусқа қол жеткізуге күш салу

Әрбір мүше мемлекет Ассамблеяда бір рет дауыс бере алады. Бейбітшілік пен қауіпсіздікке қатысты ұсыныстар және Қауіпсіздік Кеңесінің мүшелерін сайлау секілді жекелеген маңызды мәселелер бойынша шешімдер ұйымға мүше мемлекеттердің көпшілігімен қабылданады; басқа мәселелер бойынша шешімдер көпшілік дауысқа салынады.

Соңғы жылдары ресми дауыс беру арқылы шешім қабылдамау үшін талқыланатын мәселелер бойынша келісімге келу мақсатында үлкен жұмыстар атқарылуда. Бұл  ассамблея шешімдеріне белсенді қолдау көрсетуді қамтамасыз етеді. Төраға делегациялармен уағдаластыққа қол жеткізгеннен соң дауыс бермей қарар қабылдауды ұсынуы мүмкін.

БАЙЛАНЫС АҚПАРАТЫ

Қазақстан, Алматы қ., әл Фараби даңғылы,190 | Тел.: +7 (727) 227 69 42, +7 (727) 242 16 65 | E-mail: secretary@miras.kz

face.pnginst.png

АККРЕДИТАЦИЯ: