MIS MUN Халықаралық Конференциясы (Біріккен Ұлттар Ұйымының моделі)

  • 7
  • 8
  • 9
  • 1
  • 2
  • 3
  • 4
  • 5
  • 6

«БҰҰ Моделі-2023» конференциясы Алматы қаласындағы «Мирас» мектебінде

Толығымен оқыңыз

2014 жылдан бері жұмыс істеп келе жатқан «Біріккен Ұлттар Ұйымының моделі, MIS MUN 2023» конференциясы БҰҰ Моделі комитеттерінде бірегей тәжірибе жинақтау мүмкіндігін ұсынады. Қазіргі заманның жаһандық мәселелерін шешуге қызығушылық танытқан студенттер өздерінің бірегей дипломатиялық қабілеттерін көрсетіп, адамзат тіршілігінің ертеңі тікелей байланысты болатын шешімдерді қабылдай алады.

«Біріккен Ұлттар Ұйымының моделі, MIS MUN 2023» конференциясының жаңа делегаттары пікірталастарға қатыса отырып, алғашқы тәжірибелерін жинақтаса, тәжірибелі қатысушылар талқылаулар мен пікірталастар барысында шешендік дағдыларын шыңдай түседі. Қатысушылар онлайн режимінде халықаралық маңызы бар өмірлік өзекті мәселелерді талқылайды, декларациялар мен қарарлар дайындайды, онлайн келіссөздер жүргізуге дағдыланады, сонымен  қатар БҰҰ ережелеріне сәйкес ынтымақтастықта жұмыс істейді.

«MIS MUN 2023» конференциясы  Біріккен Ұлттар Ұйымы моделі ұғымынан әлдеқайда ауқымды.   2023 жылғы конференцияда жасалатын кішігірім қадамдар ертеңгі адамгершілік салтанат құратын, қауіпсіз әлемнің негізі бола алады. Біріккен Ұлттар Ұйымы 1945 жылдан бері үлкен жетістіктерге жетті, дегенмен де оқиғаларды сыни тұрғыдан қайта бағалау арқылы ғана алда кездесетін қиындықтарды тиімді шешуге болады. Онлайн-конференция арқылы біз студенттерді кәсіби, достастық және ынтымақтастық ортаға тартып, оларға зерттеушілік, коммуникативті және көшбасшылық қабілеттерін дамытуға бірегей мүмкіндік бере аламыз.

Онлайн сессиялар үш тілде, атап айтқанда: ағылшын, қазақ және орыс тілдерінде өтеді, студенттер аталған тілдердің бірін таңдап алады. Жаңа қатысушылар да, тәжірибелі қатысушылар да шарадан өздеріне қажет болатын көптеген пайдалы нәрселерді табары сөзсіз.

Сіздердің онлайн конференцияға қатысуларыңыз аталмыш шараның бірегейлігін арттырады, сондықтан өздеріңізді «MIS MUN 2023» конференциясының қатысушылары қатарынан көреміз деп үміттенеміз.

Әзірге толығырақ ақпарат алу үшін  http://mismun.miras.kz сайтына кіріңіздер.

Біз Сіздерді «Біріккен Ұлттар Ұйымының моделі, MIS MUN 2023» онлайн конференциясы ұсынатын ақпараттарды көруге шақырамыз!

«Біріккен Ұлттар Ұйымының моделі, MIS MUN 2023» конференциясы туралы ақпарат

Комитеттер:                         

  • Қауіпсіздік Кеңесі
  • Адам құқықтары жөніндегі комитет
  • Экономикалық және қаржы комитеті
  • Қоршаған ортаны қорғау комитеті
  • Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы
  • Біріккен Ұлттар Ұйымының Даму мақсатындағы ғылым және технология жөніндегі комиссиясы

Онлайн конференцияның қатысушылары: 9-12 сынып оқушылары (әр мектептен 5 делегат) және конференцияға студенттерді дайындауға көмектесетін мұғалімдер / кеңесшілер.

Өткізілетін күні:  23-24 ақпан 2023

Делегаттың тіркеу жарнасы: 7000 теңге.

Комитеттердің толық жұмыс кестесі, ашылу және жабылу салтанаты, талқылауға ұсынылатын тақырыптар, сондай-ақ конференция қатысушыларына қойылатын талаптар кейінірек жіберіледі.

Бұдан басқа, http://mismun.miras.kz веб-сайтынан алдағы конференция туралы жаңалықтармен таныса аласыздар; бұл жерге барлық қажетті ақпарат, соның ішінде талқыланатын тақырыптар мен ресурстар орналастырылады.

Онлайн тіркеудің басталуы: 2023 жылғы 15 қаңтар

Онлайн тіркеудің аяқталуы: 2023 жылғы 15 ақпан

Мектеп телефоны:  +7 (727) 242 16 67

Егер сұрақтарыңыз болса, ұйымдастыру комитетіне хабарласыңыздар:

Елена НенашеваMIS MUN 2023 үйлестірушісі

e_nenasheva@miras.kz +7 (701) 617 33 32

Элисон Каммингс Үйлестірушінің көмекшісі:

Alison.C@miras.kz

Біз MIS MUN 2023 онлайн конференциясының қатысушыларын қуана қарсы аламыз!

Ізгі ниетпен

MIS MUN 2023 командасы

Жаңалықтар

Тіркеудің басталуы: 2023 жылғы 15 қаңтар

Тіркеудің аяқталуы: 2023 жылғы 21ақпан

Мектеп телефоны: +7 (727) 242 16 67

Егер сұрақтарыңыз болса, ұйымдастыру комитетіне хабарласыңыздар:

Елена НенашеваMISMUN 2023 үйлестірушісі

e_nenasheva@almaty.miras.kz +7 (701) 617 33 32

Элисон Каммингс MISMUN 2023 Үйлестірушінің көмекшісі:

Alison.C@miras.kz

Біз MIS MUN 2023 конференциясының қатысушыларын қуана қарсы аламыз!

Ізгі ниетпен  MIS MUN 2023 командасы

БАЙЛАНЫС АҚПАРАТЫ

Қазақстан, Алматы қ., әл Фараби даңғылы,190 | Тел.: +7 (727) 227 69 42, +7 (727) 242 16 65 | E-mail: secretary@miras.kz

face.pnginst.png

АККРЕДИТАЦИЯ: