MIS MUN Халықаралық Конференциясы (Біріккен Ұлттар Ұйымының моделі)

MIS MUN 2025

21 ақпан.

Конференцияның ашылу салтанатынан кейін делегаттардың  барлығы дерлік  кабинеттеріне кетті, журналистер кітапханаға кіріп, тыныштық орнады. Сәлден кейін журналистер мақала жазуға және комитеттерді  аралауға босатылды .

HUMAN RIGHTS COMMITTEE (UNHRC) ENGLISH

Тақырыбы: «Елдер баспанасыз адамдарға қалай көмектесе алады?»

Пікірталас қызып жатқан кезде кабинетке кіріп, қызу талқылаудың куәсі болдым. Делегаттар дәл 12:12-де үзіліске шықты. Үзіліс біткен соң, барлығы орындарына қайта отырып, гаджеттерін бір шетке қойып, өз ойларын ортаға сала бастады. Әр ел кезекпен сөз алып, өз көзқарасын білдірді. Сұрақтарға жауап беріп, пікірлерін нақтылап отырды. Маған делегаттардың бір-бірін мұқият тыңдап, әр елдің ұстанымын сыйлағаны ұнады. Барлығы талқылауға белсене қатысып, бұл тақырыпқа үлкен қызығушылық танытқаны байқалды.

UNITED NATIONS DEVELOPMENT PROGRAMME (UNDP) KAZAKH

Тақырыбы: «Жаңа Зеландия делегаттары»
Тапсырма: Қақтығыс аймақтарындағы тұрақтылық мәселесіне байланысты ұстанымдық құжат дайындау.

 Белсенді пікірталас өтті, әр топ өз ұстанымын қалай дұрыс жеткізуге болатынын ойлап, кезек-кезек шығып, өз дәлелдерін ұсынды. Кейбір делегаттар пікірлерімен келісті, ал кейбіреулері келіспеді. Маған,әсіресе,  пікірталас барысында әркім кезегін күтіп, мәдениетті түрде пікір алмасқаны ұнады.

HUMAN RIGHTS COMMITTEE (UNHRC) RUSSIAN

Тақырыбы: «Халықаралық адамзат тарихындағы климаттық апаттардың салдарынан қоныс аударушылар құқықтар туралы заң »

Талқылау барысында барлығы бұл мәселенің оң және теріс жақтарын саралап, пікірлерімен бөлісті. Төраға уақыттың аяқталғанын хабарлағаннан кейін, қатысушылар өз ойларын жазып, ортаға шығып, пікірлерін білдірді. Әрине, барлығы бірдей келіспеді, бірақ белгілі бір ұстанымға басым көпшілік қосылды. Маған комитеттің ұйымдастырылуы ұнады, өйткені әр қатысушы өз міндетін нақты біліп, тәртіпті сақтады.

UNITED NATIONS DEVELOPMENT PROGRAMME (UNDP) ENGLISH

Тақырыбы: «Қақтығыстан кейінгі қалпына келтіру және тұрақты даму»

Бұл тақырып бойынша көптеген ойлар айтылды, әр делегат өз пікірін жеткізуге тырысты. Әркім мәселені түсінікті етіп жеткізу үшін жеке пікірлерін ұсынды. Қорытынды шешім бойынша Қытай, Қазақстан, Албания және Польша жеңіске жетті. Португалия өз қарсылығын білдірді, бірақ бұл сыпайы түрде өтті: өкілі қолын көтеріп, өз уәжін айтты, оған жауап берілді, содан кейін ол сабырмен орнына отырды. Маған делегаттардың байыпты әрі салмақты жұмыс жасағаны, жеңіліске сабырмен қарағаны ұнады.

COMMISSION ON CRIME PREVENTION AND CRIMINAL JUSTICE (CCPCJ)

Тақырыбы: «Жануарларды заңсыз ұрлау»

Бөлмеге  кіргенде қызу пікірталас жүріп жатты. Әр делегат өз пікір-теориясын ұсынды, бірақ барлық елдер жануарларды заңсыз ұрлаудың зияны туралы ортақ пікірге келді. Әрбір ел кезекпен сөз алып, бұл мәселені шешу жолдарын ұсынды. Барлығы анық әрі сенімді сөйледі, ойларын жүйелі түрде жеткізе білді. Маған олардың шешендік қабілеті және мәселені жан-жақты талдауы ұнады.

Барлық комитеттердің өзіндік ерекшеліктері болды, бірақ маған ең ұнағаны — HUMAN RIGHTS COMMITTEE (UNHRC).

Конференцияның қорытындысы қандай болатынын асыға күтудеміз.

Корреспондент:

Даниярқызы Дария, 6Б

Конференцияның ашылу салтанатынан кейін мен әртүрлі комитеттердің жұмысымен танысуға бардым. Комитеттер саны- 9.

Мен “ Адам құқықтары ” (БҰАҚ) орыс тілді комитетіне болдым. Мен кабинетке кірген кезде мен делегаттар бір елдің шешімі бойынша белсенді пікірталас жүргізіп жатыр екен. Әрі қарай, делегаттар қаулы жазып және біраз уақыттан кейін болатын пікірталас жүргізуге келісті.  Мәселе бойынша қаулыны конференцияның екінші күні жариялайды. осы комитеттің делегаттары белсенді пікірталас жүргізді. Өкілдер көптеген мәселелерді талқылады. Маған Қытайдың идеялары ерекше ұнады. Менің ойымша, әр ел мәселе бойынша  қызықты шешімін ұсынды. Осы комитетте жұмыс аяқталғаннан кейін, мен келесі комитетке  “Біріккен Ұлттар Ұйымының Даму бағдарламасы” (БҰҰДБ) бойынша  қазақ тілді комитет кірдім. Олар да   қызу талқылау үстінде екен. Бірнеше делегаттар соғыс мүмкіндігін талқылады. Жаңа Зеландия "Қақтығыс аймақтарындағы тұрақты даму " құжатын жасады. Осы құжатты көпшілікке ұсынғаннан кейін барлық делегаттар оны қызу талқылай бастады. Кейін мемлекет өкілдері өз қаулы  жаза бастады. Әр елдің жұмыстарының ішінде  Швейцарияның жұмыс сапасы ұнады. Комитеттердің төрағалары   делегеттардың  жұмысын қадағалады.

Ақырындап  MISMUN-2025 конференциясының соңы жақындап қалды, сондықтан мен барлық комитеттерге  дұрыс келісім қабылдауды тілеймін. Жалпы, маған барлық комитеттердің жұмысы ұнады. Мен осы конференция барысында жағымды эмоциялар алдым, қарым-қатынас пен әлеуметтік дағдыларымды дамыттым.

Тілші Мұрат Тілеген 

10 A сынып оқушысымын

MISMUN 2025   

Бүгін  Халықаралық «Мирас» мектебінде үлкен «MISMUN-2025 шарасы»  өтіп жатыр.

20 -ақпан.  Таңертең 07:45-те тілшілер дайын тұрып, көмекшілер орындарды дайындады, ал делегаттар мектепке  жан-жақтан ағыла келе бастады. 8:00-де қонақтарды қарсы алып экскурсиялар жүргізе бастады. Қонақтар тіркеліп, көмекшілерге экскурсияға, содан кейін сұхбаттаса  бастады.

Өз басым бұл конференцияға екінші жыл қатарынан қатысып жатырмын, шынымды айтсам, бірінші рет әлдеқайда қызықты әрі қиын болды, бірақ қазір өз тәжірбиемді  шыңдап  осы жылы дайын болдым. Бізге  27 мектептен  270 оқушы қатысушы ретінде тіркелді.  

Конференцияның ашылу салтанаты керемет өтті : әнұран, би, балет қойылымы, тіпті шашу-дәстүрі келуші қонақтарға қызықты  әрі  тартымды экскурсия бәріне ұнады деп ойлаймын.

Делегаттар мейірімді, позитивті және  жаһандық мәселелерді талқылауға ашық екенін  байқағаным бір ғанибет болды.

Мен  осы конференцияның бір бөлшегі екеніме өте қуаныштымын, алдағы уақытта бізді қандай қызықты жол күтіп тұрғанын көрейік.

Кореспондент Дария Данияркызы 6Б

 

 

Бүгін 2025 жылғы  20 ақпанда халықаралық “Мирас” мектебінде  БҰҰ моделі бойынша конференциясы өтуде.         

Осы жылы екі тарихи оқиғаның мерейтойы атап өтіледі: Екінші дүниежүзілік соғыстың  аяқталғанына 80 жыл және БҰҰ-ның құрылуының мерейтойы,  демек, бұл іс-шараны өткізілуі де маңызды оқиға. Біздің мектебімізге 270 астам қонақтар, 27 мектептен  келді, олардың арасында делегаттар мен олардың үйлестірушілері бар. Мектепке Алматыдан, Алматы облысынан және таяу шет елдерден қонақтар өз ниеттерін білдіріп, бүгінгі іш  шараға қатысуда.

Мен конференцияға екінші жыл тілші ретінде қатысып келемін. Ең алдымен, біздің тілшілер тобы қонақтарға мектеппен таныстырылу экскурсиясын жүргізді. Маған конференция қонақтарынан сұхбат алу өте ұнады. Сұхбат алған кезде мен толқып кеттім. Конференцияға қатысушылар мен қонақтардың жауаптары өте қызықты болды. Конференцияның ашылу салтанаты өте есте қаларлықтай жарқын өтті. Ашылу рәсімінде  әр  елдердің мемлекеттік туларының шеруімен басталды. Қатысушылардың барлығына БҰҰ Жаһандық коммуникациялар департаментінің өкілі және Қазақстандағы БҰҰ Ақпараттық бюросының басшысы Властимил Самектің және “Мирас” мектеп директоры Власянц Ирина Рамильевнаның сөздері ұнады. Әрине, салтанатты   “Мирас” мектебінің студенттері өнер көрсетіп, ән шырқап өз  өнерлерімен әрледі.      

Барлық комитеттерге сәттілік тілеп, жарқын талқылаулар болсын.

Тілші Мұрат Тілеген 

10 A сынып оқушысымын

БАЙЛАНЫС АҚПАРАТЫ

Қазақстан, Алматы қ., әл Фараби даңғылы,190 | Тел.: +7 (727) 227 69 42, +7 (727) 242 16 65 | E-mail: secretary@miras.kz

face.pnginst.png

АККРЕДИТАЦИЯ: