MIS MUN Халықаралық Конференциясы (Біріккен Ұлттар Ұйымының моделі)

  • 1
  • 2
  • 3
  • 4
  • 5
  • 6

"БҰҰ Моделі-2026" Офлайн-конференциясы Алматы қаласы "Мирас" халықаралық мектебіндегі

Толығымен оқыңыз

«БҰҰ Моделі, MIS MUN 2026» халықаралық конференциясына қош келдіңіздер!

Бұл – бүкіл әлемнен келген жастарға жаһандық дипломатия атмосферасын сезінуге және халықаралық ынтымақтастықтың бір бөлігі болуға мүмкіндік беретін бірегей іс-шара. Біз 22 жыл бойы  MIS MUN конференциясының Алматы қаласындағы  халықаралық «Мирас» мектебінде өткізіліп келе жатқандығын мақтан етеміз. Бұл конференция жас көшбасшыларды біріктіріп, тұрақты және әділ болашақ құру жолында үлес қосуға ынталандырады.

Қазақстан үшін 2026 жыл ерекше маңызға ие себебі тұрақты даму мақсаттары аясында БҰҰ-ның Бас Ассамблеясы 2026 жылды Халықаралық еріктілер жылы деп жариялады, сондай-ақ алдағы жыл Білім және ғылыми зерттеулер жылы деп белгіленді. Бұл бастамалар Қазақстан Республикасының жаһандық ынтымақтастықты дамытудағы және адам капиталының әлеуетін арттырудағы, білім мен азаматтық белсенділікті нығайтудағы маңызды рөлін көрсетеді.Бұл маңызды оқиға көпжақты диалогтың маңыздылығын, халықаралық серіктестіктің рөлін және бейбітшілікті, тұрақтылық пен орнықты дамуды қолдау үшін бірлескен іс-қимылдың қажеттілігін айқындайды. БҰҰ бастамаларының арқасында әлемдік қауымдастық өзара әрекет ету, өзара түсіністік орнату және жаһандық мәселелерді бірлесіп шешу кеңістігін қалыптастыруда.

«БҰҰ MIS MUN 2026» конференциясына қатысу делегаттарға халықаралық дипломатиямен танысуға сонымен қатар XXI ғасырдағы сыни ойлау, көшбасшылық, командалық жұмыс және тиімді коммуникация секілді маңызды дағдыларды дамытуға мүмкіндік береді. MIS MUN 2026 аясында әр түрлі елдерден келген делегаттар бірлесе отырып,  жаһандық мәселелердің шешімін іздейді және өз делегацияларының мүдделерін қорғайды. Мұндай тәжірибе әлемдік деңгейдегі мәселелерді терең түсіну, ең күрделі жағдайларда да сындарлы диалог жүргізу қабілеттерін қалыптастырады.

MIS MUN 2026 халықаралық конференциясы Біріккен Ұлттар Ұйымының миссиясы қол қойған ресми сертификатты алудың бірегей мүмкіндігін ұсынады. Бұл сертификат арқылы делегаттардың білімі, күш-жігері және өзекті халықаралық мәселелерді талқылауға қосқан үлесі ерекше бағаланады. Аталған құжат қатысушылардың академиялық және кәсіби портфолиосы үшін құнды тәжірибе болмақ. Конференция барысында жинақталған білім сіздің болашақтағы жетістіктеріңізге және бейбітшілік, ынтымақтастық пен әлемдік қоғамдастықты жақсы жаққа өзгертуде маңызды қадам болсын.

Барлық қатысушыларға нәтижелі жұмыс, шабыт және жарқын әсер тілейміз. MIS MUN 2026-ға қош келдіңіз!

MIS MUN 2026 конференциясы туралы ақпарат

Қатысушылар: 9-12 сынып оқушылары (әр мектептен 5-7 делегат) және студенттерді конференцияға дайындауға көмектесетін мұғалімдер мен  кеңесшілер.

Өтетін орны:

"NNEF"қоғамдық қорының филиалы Алматы қаласы "Мирас" халықаралық мектебі

Әл-Фараби даңғылы 190, Алматы, Қазақстан

Күні: 19-20 ақпан, 2026

Делегатты тіркеу жарнасы:

30 000 KZT (делегаттың презентациялық пакеті, көлік, таңғы ас, түскі ас, кофе брейк, дипломатиялық буфет)

Тіркеудің басталуы: 2025 жылғы 24 қараша

Тіркеудің аяқталуы: 2026 жылғы 27 қаңтар

Мектеп телефоны: +7 (727) 227 69 42

Егер сұрақтар туындаса ұйымдастыру комитетіне хабарласыңыз:

Mrs. Yelena Nenasheva – MIS MUN 2026 Coordinator

e_nenasheva@miras.kz

телефон: +7 (701) 617 33 32

Ms. Agatha Hidalgo – Co-coordinator MIS MUN 2026

Agatha_g@miras.kz

Комитеттердің жұмыс кестесі, ашылу салтанаты және жабылу рәсімі, талқылау тақырыптары және қатысушыларға қойылатын талаптар кейінірек хабарланады.

Конференцияның ресми жаңалықтары, талқыланатын тақырыптар мен ресурстар жайлы ақпарат mismun.miras.kz сайтында толық жарияланады. Ресми сайттан конференция жайлы барлық қажетті ақпараттарды таба аласыздар.

* Назар аударыңыз: Конференция екі күнге созылады.  21-ақпан, сенбі күні экскурсиялық бағдарлама аясында Алматы қаласының көрікті жерлерін аралауға болады.

MIS MUN 2026 конференциясына қатысушылар мен делегация өкілдерін Алматы қаласында қуана қарсы аламыз!

Шын Жүректен 

Mis MUN командасы 2026

Тырнова Амалия.

Жаңалықтар

Онлайн тіркеуді бастау: 

Онлайн тіркеудің аяқталуы: 

Мектеп телефоны: +7 (727) 242 16 67

Егер сізде сұрақтар туындаса, ұйымдастыру комитетіне хабарласыңыз: 

Ms. Elena Nenasheva -MIS MUN 2026 Coordinate

Тел: +7 (727) 227 69 42

e_neneasheva@miras.kz

Ms. Agata Idalgo-MIS MUN Co-Coordinator

Agatha_g@miras.kz

Біз делегацияны mis MUN 2026 офлайн конференциясында қарсы алуға қуаныштымыз!

Шын жүректен, mis MUN командасы

БАЙЛАНЫС АҚПАРАТЫ

Қазақстан, Алматы қ., әл Фараби даңғылы,190 | Тел.: +7 (727) 227 69 42, +7 (727) 242 16 65 | E-mail: secretary@miras.kz

face.pnginst.png

АККРЕДИТАЦИЯ: