MIS MUN Халықаралық Конференциясы (Біріккен Ұлттар Ұйымының моделі)

MIS MUN 2026

«MIS MUN-2026 » : Комитеттердегі қызу жұмыс – тілші репортажы

Конференция шымылдығы түрілген сәттен бастап, біздің тілшілер қауымы оқиғаның бел ортасына енді. Әр кабинеттегі атмосфера мен делегаттардың белсенділігін өз көзімізбен көру үшін арнайы аралап шықтық.

Даму бағдарламалары мен қарар әзірлеу

3/7 кабинетінде жұмыс барысы : Мексика, Қытай, Ресей және Сингапур делегациялары өзара пікір алмасып, қарар әзірлеуге білек сыбана кіріскен.

Ал 3/6 кабинетінде көрініс мүлдем бөлек. Делегаттар ақпарат жинау жүріп жатқандықтан,  тартыс алаңы іші тыныш. Тек Сауд Арабиясы мен Қытай делегаттарының зерттеу жұмыстары мен қызу талқылаулары осы тыныштыққа жан бітіргендей.

Пікірталас алаңы: 10 минуттық шешуші сәт

3/5 кабинетінде нағыз "пікірталас атмосферасы" сезілді. Франция, Германия, Филиппин, Ұлыбритания және Италия делегаттары маңызды ақпаратты 10 минутқа сыйғызып, өз жобаларын қорғап шықты. Олардың командалық рухы жоғары деңгейде болды.

Халықаралық құқық пен қауіпсіздік

Қылмыстың алдын алу комиссиясында (3/4 кабинеті) Ұлыбритания, Иран және Таиланд өкілдері мазмұнды пікірлерімен ерекшеленді. Ал Бас Ассамблеяда (2/5 кабинеті) Қатар, Қытай және Сауд Арабиясы айрықша қарқын көрсетті.

Ең қызу тартыс БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінде (2/4 кабинеті) өтті. Комитет төрағасының ұтымды сұрақтарына Қатар, Қытай және Ұлыбритания делегаттары сенімді жауап беріп, көшбасшылық қасиеттерін танытты.

Адам құқықтары және ынтымақтастық

  • 1/6 кабинеті (Адам құқықтары): Армения делегациясының өткір сұрақтары мен АҚШ, Франция, Германия өкілдерінің дәлелді жауаптары отырысты қыздыра түсті.
  • 2/3 кабинеті: Мұнда Ұлыбритания, Оңтүстік Корея, Қазақстан, Жапония және Индонезия өкілдері өзара үйлесімді жұмыс істеді.
  • Конференция аяқталуға таяса да, 1/9 кабинетіндегі қатысушылардың өз ісіне деген адалдығы мен жауапкершілігі көпшілікті сүйсіндірді.

Қорытынды сөз: «MIS MUN-2026» конференциясы биыл да жоғары деңгейдегі  мәдениет пен білімнің алаңына айналды.

Тілші: Дария, 7 «В» сыныбы

 

 

Көптен күткен конференциянын алғашқы күні

Халықыралық Мирас мектебінде MISMUN конференциясының алғашқы күні өз мәресені жетті. Сайдың тасындай іріктелген үздік оқушылар БҰҰ-ның моделі  MISMUN конференциясының аясында қазіргі әлемдегі өзекті мәселелерді талқылады. БҰҰ Даму бағдарламасы секциясында әлем елдерінің экономикасы жайлы сөз қозғалды. Аталған секцияға АҚШ және Қытай секілді әлем алпауыттары мен Еуропадан Италия, Греция, Германия, Словакия, Ұлыбритания мемлекеттері қатысты. Әр мемлекет көтерілген мәселеге қатысты өз пікірлерін білдірді. Әр команда өз ұстанымын таныстырып, жаһандық мәселелерді талқылауға белсенді қатысты. Әсіресе мектебіміздің делегаттары дайындыққа үлкен жауапкершілікпен қарап, барынша еңбек еткенін атап өткім келеді.

Ең белсенді ел — Сауд Арабиясы болды. Делегаттар өз позицияларын сенімді түрде қорғап, пікірталастардың көпшілігіне қатысты. Сонымен қатар Германия, Швеция, Италия, Канада және Греция елдері де белсенділік танытты. Қатысушылардың тыңғылықты дайындалғаны және өз елдерінің мүддесін жоғары деңгейде көрсетуге тырысты.

Ұлыбританияның презентациясы креативті дайындалған. Делегат сенімді сөйлеп, өз ойын сауатты жеткізді. Канаданың презентациясы әдемі әрі қысқа жасалғанымен сөз сөйлеу барысында тақырыпқа қатысы жоқ ақпараттарды айтты. Германиялық делегат өте жылдам сөйлесе де, тыңғылықты дайындалған. Филиппин делегаты презентациясыз сөйледі, бірақ ұстанымын анық жеткізді. Польша мен Австралия елдері өз ұстанымдарын жақсы білдіріп слайд арқылы таныстырды. Швейцария презентациясыз сөйлесе де, маңызды ақпарат жеткізді. Италиялық делегаттар сенімді баяндама жасады. Греция мен АҚШ мазмұнды сөйледі. Албания – ең есте қалған баяндамалардың бірі болды. Делегат мәтінге қарамай ойын өз сөзімен анық, сенімді әрі түсінікті жеткізді. Оның сөзі әсерлі болды, тіпті басқа делегаттар ерекше қошемет білдірді.

Жалпы алғанда, конференция жоғары деңгейде өтті. Делегаттар өз ойларын еркін жеткізіп, халықаралық деңгейде тәжірибе жинақтады.

Затилдаева Наиля 9B

 


Ерекше әсер берген «MISMUN- 2026» конференциясы.

Бүгін біздің мектепте халықаралық деңгейдегі «MISMUN-2026» конференциясы басталды. Баспасөз конференциясы басталар алдында жүрегім кеудемнен шығып кетердей қатты қобалжыдым. Себебі үлкен деңгейдегі жиында бірінші рет корреспондент болып тұрмын. Бұл күннің мен үшін ерекше әрі маңызды болатынын түсіндім. Сондықтан барынша мұқият дайындалуым керектігін ұқтым.

Үлкен аудитория алдында, әсіресе, қазақ тілінде сұхбат аламын деп ешқашан ойламаған едім. Мен үшін бұл оқиға - үлкен мәртебе. Әр түрлі елден, өзге де мектептерден келген делегаттарға сауал қойып, сұхбат алу коммунициалық қабілеттерімді ұштай түседі. «MISMUN-2026» конференциясының атмосферасы алғашқы сәттен бастап ерекше әсер берді.

Бастапқыда залда қызығушылық пен аздаған толқу сезілді. Біртіндеп атмосфера өзгеріп, айнала тыныштыққа, жылылыққа және жағымды көрініске толды. Көрермендердің энергиясы тіпті есік сыртынан сезіліп тұрды. Залдың өзі маған ерекше, жарқын әсер қалдырды: жарық шамдар, ұқыпты безендірілген сахна, жинақы әрі зейінді қатысушылар — мұның бәрі салтанатты әрі шабыттандыратын орта қалыптастырды. Осындай атмосфера маған күш-қуат пен сенімділік сыйлады.

Кейде бір ғана оқиға адамның өзіне деген көзқарасын түбегейлі өзгерте алады. Мен үшін мұндай сәт журналистер конференциясында болды. Ол маған тек құнды тәжірибе ғана емес, сонымен қатар өз күшіме деген сенім сыйлады.

Бұл күн мен үшін нағыз жаңалық пен өсу кезеңіне айналды. Мен өз бойымнан бұрын байқамаған батылдықты, жауапкершілікті және ішкі күшті аштым. Бұл тәжірибе мені алға ұмтылуға және жаңа белестерден қорықпауға шабыттандырды.

Журналист Наиля Затилдаева, 9B

 

Сахна сыртындағы құпия»

Бүгін халықаралық «Мирас» мектебінде MIS MUN-2026 халықаралық конференциясының ашылуы салтанат өтті.  Халықаралық «Мирас» мектебім  атаулы күндерге дайындалу сәтіне көп уақыт жұмсағандықтан,  бәрі кәсіби деңгейде өтті.    

Біз бір айға дайындалу  кезеңінде  конференция қатысушыларымыз, көмекшілеріміз аянбай  еңбек еттік. Конференция барысында делегаттардың жайлылығы өте маңызды, сондықтан мектебіміздің журналистері, бас алқалыдағылары  және хатшылары өз  орындар мен қолайлылы жұмыс атфосферасын тудыру жағдайымен айналысып,  бар күшін салды.  

Біздің мектебіміз үшін басқа  елдерден, мектептерден және қалалардан келген қонақтарды қарсы- үлкен құрмет пен мәртебе.  Халықаралық «Мирас» мектебі  өзге  халықаралық мектептер арасында  мәртебесі  беделді болып қала бермек, себебі   дайындық жұмыстарының қарапайым детальдарынан  бастап,  ауқымды тұстарын үлкен бірізділікпен  ойластырған.  Сол сияқты тілшілер тобына  мақалаларды қалай дұрыс жазу керектігін, қандай мақалаларды қабылдайтынын, қандай сауалдар қою керектігін  және қандай сұхбат түрлері бар екенін түсіндіріп, топта зерделеді.  Ал гидтер келетін болсақ,  олар өз  орындардың дайындығын тексеріп,  келген қонақтарды 5-6 адам санымен топтастырып, мектебімізбен таыстыру  экскурсиялар жүргізіп отырды.                                                                                     

 Мен өзім  осы жылы да конференцияныі бір мүшесі ретінде қатысқаныма өте қуаныштымын және оның  жалғасы асыға күтудемін.  Осы екі күн ішінде мен  әр кеңселерге барып, делегаттарды бақылап, көбірек тәжірибе жинағым келеді. Быилғы «MISMUN -2026» конференциясы әдеттегідей керемет өтеді деп ойлаймын.

Тілші Дария Данияркызы,7B