MIS MUN Халықаралық Конференциясы (Біріккен Ұлттар Ұйымының моделі)

Конференцияның аяқталуы

Сурет галереясы

Бүгін 24-ші ақпанда сағат  15:00-ден  бастап, 16:00-ге дейін «MIS MUN -2023» конференциясы салтанатты жабылу рәсімі  өтеді. Барлық  «MIS MUN 2023» конференциясы  қатысушыларына алғыстарымызды білдіріп,  дипломмен марапаттаймыз.  Конференциясының  жабылу салтанатына орай әсем ән-күймен әрленген  мерекелік швед  дастарқаны  сағат 16:00-ден басталып, 17:00-ге дейін  жалғастырылады. Барлық делегаттарға осы конференцияға қатысқандары үшін және жаңашыл идеяларымен бөліскені үшін алғыс айтамыз.  Алтындай уақыттарын бөліп,  жылы шыраймен тілшілерімізге  сұхбат  бергендері үшін делегаттар мен қатысушыларымызға ризашылығымыз шексіз.

Сондай-ақ, конференцияның делегаттары мен қонақтары мектебіміздің әсемдігіне таң қалды, сонымен қатар біздің студенттеріміздің мейірімділігі мен қонақжайлығына тәнті болды.

Санаулы  сағаттардан кейін,  делегаттарымыз бен  қатысушы қонақтарымыз  өздерінің  мектептері мен елдеріне  қайтқанда  жақсы көніл-күйде   болатыны сенеміз.

Тілшілеріміз : Амира 6 «А»  мен Делина 7 «А».