MIS MUN Халықаралық Конференциясы (Біріккен Ұлттар Ұйымының моделі)

MIS MUN 2023

Сурет галереясы

Бүгін халықаралық «Мирас» мектебінде  «MIS MUN- 2023» конференциясы өтуде.  Мектебімізге  әртүрлі мектептер мен елдерден көптеген делегаттар келді . Олар ;

  1. «Oxbrige International School» Өзбекстан Республикасы
  2. Shirakatsy Lyceum International Scientific-Educational Complex» Ереван қаласы
  3. «Oxford International School» Бішкек қаласы
  4. «Moscow Economic School» Мәскеу қаласы
  5. «International School of Herzen University» Санкт-Перетербург
  6. №35 лицей мектебі
  7. «Әл-Фараби» атындағы мамандандырылған лицейі
  8. «Алмалыбақ» ауылындағы ҚМУ орта мектеп гимназиясы
  9. Халықаралық «Бәйтерек лицейі» мектебі
  10. Қазақ бас сәулет-құрылыс академиясы жанындағы мектебі
  11. Махмұд Қашқари атындағы мектеп – лицейі
  12. «Заман» элиталық қазақ мектебі
  13.  В.Г. Белинский атындағы орта мектебі
  14. Халықаралық «Достар» мектебі
  15. Химиялық биология бағыттары бойынша Назарбаев Зияткерлік мектебі
  16. «KIS» халықаралық мектебі
  17. «Үшқоңыр» медрессе колледжі
  18. Халықаралық «Мирас» мектебі. Астана
  19. «Арыстан» мамандандырылған лицейі
  20. Халықаралық «Мирас» мектебі. Алматы

Қазіргі әлем технологиялық, экономикалық және саяси  салалары бойынша түбегейлі және қарқынды өзгерістер дәуіріне қадам басты. Табиғаты бойынша ұзақ уақытқа созылған қақтығыстар, экстремизмнің өршуі, кедейлік, гендерлік және экономикалық теңсіздіктер, босқындар мен қоныс аударушылар санының артуы, климаттың өзгеруі сияқты бұрын-соңды болмаған сын-қатерлерді  ауқымы бойынша  жаһандық мәселелерге жіктеуге болады,  бірақ  оларв өзара тығыз байланыста деуге болады.

Конференцияның ресми ашылу салтанаты таңғы сағат 9.00  Қазақстан Респубикасының әнұранымен өз шымылдығын  ашты. Жалпы конференция 23-24 ақпан  күндер аралығында  өтеді. Коференцияға  қатысушылар жаһандық  мәселелерді шешудегі маңызды тақырыптарда ой қозғауда.

Қауіпсіздік кеңес  комитеті  халықаралық лаңкестікпен күресімен қатар мигранттардың көшіп-қону мәселелерін  қарастырады. Ал, халықаралық қауіпсіздік пен қарусыздандыру   комитетінің  талқылауында мемлекеттік емес нысандарының жаппай жойылуына жол бермеуі туралы сөз қозғады.

Адам құқықтары қорғау комитетінің басты  тақырыбы  адам  саудасын  заңды тұрғыдан қорғалуын қарастырды. Конференция делегеттарының  көптеп қызықтырған  комитеттерінің бірі әлеуметтік-мәдени комитеті болды. Осы кеңестің мүшелері  мемлекеттік  және дүниежүзілік мұра объектілерінің қолжетімділігінің сақталуы  мен заңдастырылу мәселелерін  талқылады. Конференция барысында  пресс – орталығымен, сараптау  тобы да жұмыс  жүргізді.

Журналист: Қулыбаева Делина 7а

 

Бүгін  халықаралық «Мирас» мектебінде «MIS MUN -2023» іс-шарасы өтіп жатыр..

Біріккен Ұлттар Ұйымының бас хатшысы Атониу Гутерриш бейбітшілік пен қақтығыстардың алдын алу БҰҰ-ның күн тәртібіндегі ең маңызды және басты тармақтарының бірі екенін атап өтті.

Қазіргі әлем түбегейлі және қарқынды өзгерістер дәуіріне қадам басты. Технологиялық, экономикалық және саяси  салаларында тың жаңалықтармен  толықтырылды.

Ұзақ уақытқа созылған қақтығыстар, экстремизмнің өршуі, сондай-ақ тұрақты дамуға кедергі келтіретін факторлар – кедейлік, гендерлік және экономикалық теңсіздікке әкеп соқты.

Босқындар мен қоныс аударушылар санының артуы, климаттың өзгеруі сияқты бұрын-соңды болмаған сын-қатерлерде болып  жатыр.

Аталған  мәселелер  табиғатпен тығыз  байланысты болғандықтан,  бұларды   жаһандық мәселелердің  ауқымына жатқызып  жіктейміз.

Біз конференция қонақтары мен қатысушыларына ағылшын, қазақ және орыс тілдерінде  сұрақтар дайындап, қазақ тіліндегі сұрақтарымызды қойдық.

Әлеуметтік-мәдени комитеті қарастырған тақырыбы  дүниежүзілік мұра объектілерінің қолжетімділігі мен олардың сақталуын және шетелдік мәдени жәдігерлерге мемлекет меншігінің заңдылығын қамтамасыз ету мәселелерін талқылады.

Қоршаған ортаны қорғау комитетінің қарастырған  тақырыбы  фармацевтика өнеркәсібінің қоршаған ортаға әсері, жаһандық және аймақтық контексте климаттың өзгеруінің әсері туралы шешімдерін ұсынады.

Мақала авторы: журналист Жумагулова Амира 6 «А»