MIS MUN Халықаралық Конференциясы (Біріккен Ұлттар Ұйымының моделі)

MIS MUN 2022

24-25 ақпан аралығында Алматы қаласындағы халықаралық  «Мирас» мектебінде Біріккен Ұлттар Ұйымының «MIS MUN 2022» моделі бойынша конференция өтеді.

Бұл іс-шара жаңа қатысушыларға сұхбат алу, сұбат беру, көпшілік алдында сөйлеу дағдыларын дамытуға мүмкіндік береді. Ал тұрақты қатысушыларға тәжірибесімен бөлісуге, жаңа қырдан көрінуге, көпшілік алдында баяндама жасай алу дағдыларының шыңдалуына септігін тигізеді. 

Конференция ағылшын, қазақ және орыс тілдерінде өтеді. Сондықтан қатысушылар өздеріне жұмыс істеуге ыңғайлы тілді таңдай алады.

Конференция COVID-19 пандемиясына байланысты осымен екінші рет онлайн режимінде  өтіп жатыр.

Биылғы «Біріккен Ұлттар Ұйымы моделі, MIS MUN 2022» конференциясына  Қазақстан, Ресей, Украина және Әзірбайжан мемлекеттерінің 11 қаласынан 22 елдің өкілі қатысады.

MIS MUN 2022 конференциясына қатысу арқылы  дипломатиялық дағдыны қалыптастыруып, жаһандық шешім қабылдай алу қабілетін дамытуға болады.

БАЙЛАНЫС АҚПАРАТЫ

Қазақстан, Алматы қ., әл Фараби даңғылы,190 | Тел.: +7 (727) 227 69 42, +7 (727) 242 16 65 | E-mail: secretary@miras.kz

face.pnginst.png

АККРЕДИТАЦИЯ: