16-17 сәуір аралығында халықаралық «Мирас» мектебінде «Біріккен Ұлттар Ұйымының Моделі» атты дәстүрлі конференция өтеді. Конференцияға 150-ден астам студент қатысады. Конференцияға қатысушылардың бірлескен жұмысында БҰҰ ассамблеясы жұмысын шағын үлгіде көрсету мүмкіндігі туады. Жоспарланған жұмыс қатысушыларға әлемдік деңгейдегі маңызды мәселелерді талқылауға мүмкіндік береді.
Конференцияның ашылу салтанаты 16 сәуір күні сағат 9:00 – де мектеп театрында өтеді.